Қар суынан келер қауіп мол

Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылдық округі бойынша көктемгі еріген қар суы тасуынының алдын алу мақсатында Жымпиты және Өлеңті ауылдарының ішіндегі көшелерінен қар шығарылды.

- Бұл жұмыстарға «КАМАЗ», тиегіш техника, «К-700», «МТЗ-82», «ДТ-75» секілді техникалар жұмылдырылып, қар шығару шаралары Х. Есенжанов, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова көшелерінде тиянақты түрде жүргізілді. Осы шаруаның басы-қасында 20 адам қызмет атқаруда, - дейді Жымпиты ауылдық округінің әкімі Б. Хамидуллин.

Бұдан бөлек Асадуллин, У.Шоқанов, Қ.Сағырбаев көшелері бойымен еріген қар суы ағатын сай жолдары аршылды. Сондай-ақ су арналарындағы сақиналар тазартылып, ескі көпір көтеріліпті.

Көктемгі қар суының толассыз еруі кей кездері төтенше жағдайларға ұрындыруы мүмкін. Оның үстіне биылғы наурыздың шымылдығы жаңбырмен ашылды. Беті тегіс қарлы аймақтар мен су жиылған шалшықтар терең болып шығуы әбден ықтимал. Осы жайттарды ескере отырып, ата-аналар мектеп жасындағы балаларды көзден таса қылмай, ұдайы қадағалауға алса екен. 

Жергілікті басшылық тұрғындарды өз ауласының маңайында қар суының ағу арналарын тазартуды қолға алуға шақыруда.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз