ҚАРАТӨБЕЛІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАРДЫҢ ҚОРЖЫНЫ ҚОМАҚТЫ

Қаратөбелік  тоғызқұмалақшылар БҚО чемпионатынан 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медальмен оралды.

6-9 наурыз күндері Казталов ауданында тоғызқұмалақтан 2000-2001, 2002-2003, 2004-2005 жылы туған және кіші жасөспірімдер арасында БҚО-ның жекелей чемпионаты өтті. Чемпионатқа 8 командадан 124 спортшы қатысты.

Қаратөбенің намысын 8 спортшы қорғап, аудан абыройын асқақтатты. 2000-2001 жылы туылған ұлдар арасында Амангелді Данияр классикалық ойында ІІІ орын, блиц ойынында ІІ орын, 2002-2003 жылы туылған қыздар арасында классикалық ойында Қонарова Айжарқын ІІІ орын, 2002-2003 ж.т. ұлдар арасында блиц ойынында Адил Әлбер ІІ орын, 2004-2005 ж.т ұлдар арасында классикалық және блиц ойынында Нұрғазин Әбілмансұр І орын, блиц ойынында Валиханұлы Әлихан ІІ орын алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдары және медальдармен марапатталып, 21-31 наурыз аралығында Семей қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз