Қарт майдангердің ұрланған медалі өзіне қайтарылды - БҚО

Теректі ауданы Подстепный ауылында тұратын соғыс ардагері, 1927 жылы туған Николай Думчевтің бірнеше күн бұрын жоғалған медалі табылды.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, майдангер өзінің бір медалі жоқ екенін 17 сәуір күні зейнетақы алуға бармақшы болып, костюмін киер кезінде байқаған. Ардагер бірден медалінің ұрланғаны жөнінде полицияға арыз түсіреді.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел тергеу тобының шұғыл әрекетінің арқасында ұрлық жасаған күдікті сол күні-ақ анықталды.

Осылайша, Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагері өз наградасын қайтарып алды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз