«Қарыз күліп келіп...»

2012 жылы Ақжайық ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша 266-ден адамнан тұратын 82 несие серіктестігі дүниеге келген-ді.

Аталған жандардың 200-дейі өз кәсібін жаңадан ашса, 50 шақтысы аз қамтылғандар санатынан, 60-тан астамы өз кәсіптерін кеңейтуге мүмкіндік алды. Енді, міне, оларға берілген несиені қайтаратын уақыт болды, тіпті асып кетті (2014 жылғы 15 наурыз). Сол 82 несие серіктестігінің 49-ы бережақты мезгілінде өтеді. Ал қалған 33-інде бұл жөнінде қимыл баяу. Бүгін аудан орталығы - Чапаевта аудан әкімі Нариман Төреғалиев пен «Орал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ержан Балтаев, аталған АҚ-ның басқа да өкілдері ауылдық округ әкімдерімен, несие серіктестіктері мүшелерімен осыған байланысты кездесу өткізді.

Бұл басқосуда берешектен тезірек құтылу, «кепілсіз берілген несиеге қатысты бізге не істей қояр дейсің» деген ойдан аулақ болу жайында айтылып, заң талабы тағы да еске салынды.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз

Похожие новости