«Қайырлы кеш, Жайық ұстазы!» шарасында білім саласының үздіктері марапатталды

6 қазан күні Оралдағы Салтанат сарайында өткен Мұғалімдер күніне арналған «Қайырлы кеш, Жайық ұстазы!» атты шарада өңірдегі білім саласының үздіктері, ардагер-ұстаздар бас қосты.

Жиында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, Елбасымыз білім саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Соған сәйкес өңірде де қамқорлық-назар ойдағыдай. Бір ғана мысал, облыс бюджетінің қомақты бөлігі - 40 млрд. теңгеге жуық қаржы аталмыш салаға қаралады. Алдағы уақытта да осылай бола бермек. Облыс білім саласындағы жетістіктері жөнінен республикада алдыңғы қатарда. Биыл ҰБТ қорытындысында түлектер орташа 81,25 балл жинап, елімізде төртінші орынға көтерілді. Шәкірт үшін бейнесі ыстық, беделі биік ұстаздың алар орны еш уақытта төмендемек емес.

Жиында білім саласын тұрақты дамыту жолында қызмет атқарып, жас ұрпақтың толыққанды білім алуына қолдау көрсетіп отырған Ақжайық, Тасқала, Бөрлі аудандары әкімдерінің орынбасарлары Меңзипа Жұматоваға, Люция Жұбанышқалиеваға, Азамат Сафималиевке, сондай-ақ сала үздіктеріне алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз