Қазақ хандығына 550 жыл: Оралда ағаштан жасалған қазақ батырының мүсіні ашылды (ФОТО)

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Орал қаласындағы Достық даңғылының бойында қазақ батырының мүсіні ашылды.

Мұның ерекшелігі - ағаш түбірінен ойылып жасалғандығында. Оған әуесқой мүсінші Болатбек Баймағамбетовтің бір айдай уақыты кеткен. Осы жерде қураған ағаштың түбірі тұрғанын байқаған ол көмекшісі Азамат Алагөзовпен бірге жергілікті тұрғындардың қолдауымен қазақ батырының бейнесін сомдап  шыққан.  

Кішкентай кезінен сурет салумен айналысатын Б.Баймағамбетов соңғы жылдары ағаштан шағын мүсіндер жасауды қолға алған екен. Енді ол аталған ескерткішті күтіп ұстаумен бірге алдағы уақытта да осындай істерді қолға алмақшы. 

null 

null

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз