ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: Оралдан «Жайық қаласынан Хан ордасына дейін» атты автошеру жолға шықты

Бүгін, 24 тамыз күні Орал қаласынан Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Жайық қаласынан Хан ордасына дейін» атты автошеру жолға шықты.

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің айтуынша, автошеру мақсаты - 25-26 тамыз күндері Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында өтетін «Елдіктің терең тамыры» атты республикалық шараларға қолдау көрсетіп, жалпыхалықтық сипат беруге үлес қосу. БҚО әкімдігінің қолдауымен «Нұр Отан» партиясының «Жайық Пресс» ЖШС-дағы бастауыш ұйымы және республикалық «Дана» журналы бастамашы болған автошеруге шығатын топ құрамында тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар, әнші, жыршылар, журналистер мен блогерлер, фототілшілер бар. Олар оншақты автокөлікке бөлініп отырып, Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне 550 шақырым жолды жүріп өтіп, Хан ордасына табан тіремекші.

Автошерудің Орал қаласынан басталуының тарихи мәні бар. Өйткені қала іргесіндегі тоғайда 1812 жылғы 7 шілдеде Бөкей, одан кейін 1824 жылғы 24 маусымда оның ұлы Жәңгір ежелгі салт бойынша ақ киізге көтеріліп, ресми түрде хан ретінде жарияланғаны белгілі. Соған байланысты аталмыш жер Хан тоғайы деп аталып кеткен.

Фотолар ФБ парақшалардан жинастырылған.

Таңғы 7 ауәден түсіретін құрылғы

Автошеруге қатысатын аутолар

Автошеруге қатысушылар

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алдында салтанатты шара

Автошеруге шығарып салушы

 

Оралдың іргесіндегі кезінде Бөкей мен Жәңгір бабаларымыз хан ретінде ақ киізге көтерілген Хан тоғайында

Хан тоғайына, ортағасырлық Жайық қалашығына аялдаған автошеру бұдан кейін Ақжайық ауданының орталығы Чапаев, Жаңақала ауданының орталығы Жаңақала ауылдары арқылы Хан ордасына жетеді. Жолшыбай ауыл-аймақ тұрғындарымен кездесулер, акциялар өткізу көзделуде. Экспедиция қайтар бағытында тағы да 550 шақырымдай жол жүріп, Қазталов, Жалпақтал ауылдарының халқымен жүздеспек. 

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз