«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі журналистер арасындағы байқау жеңімпазы атанды

Кеше БҚО сотында баспасөз қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өткізілді.

Онда облыстық сот төрағасы Бек Әметов БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, сот жүйесі қызметін көрсетудегі еңбектері үшін алғысын білдірді. «Елбасы алға қойған мақсат - бір. Әділеттің салтанат құруына судьялар заңды шешім шығарумен, журналистер шынайы жарияланымдар берумен үлес қосады», - деді ол.

Кездесу барысында биыл жыл басында журналистер арасында жарияланған байқаудың қорытындысы бойынша озық шыққандар марапатталды. БҚО соты мен Қазақстан Судьялар одағы БҚО бөлімшесі атынан халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі Ғайсағали Сейтақ бірінші, «Мегаполис» республикалық газетінің меншікті тілшісі Андрей Сармин екінші, облыстық «Приуралье» газетінің тілшісі Саида Төлегенова үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Басқа да бірқатар журналистер ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

Б.Әметовтің айтуынша, алдағы уақытта аталмыш байқау бір жылға созылмақ. Яғни, биылғы шілде айында жарияланса, келесі жылы маусымның соңына қарай қорытындыланбақ.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз