«Қазақстан даму банкі» АҚ кәсіпкерлерге қолдау көрсете бермек - БҚО

«Қазақстан даму банкі» АҚ кәсіпкерлерге қолдау көрсете бермек. Бұл туралы 16 маусым күні «Алгоритм» технопаркі» ЖШС-да БҚО әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалық етуімен инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі тетіктерін түсіндіруге арналған кеңесте айтылды.

Банк өкілдерінің батысқазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары басшылары және кәсіпкерлерімен кездесуінде атап өтілгеніндей, «Қазақстан даму банкі» АҚ индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында Елбасы бастамасымен құрылды. Инвестициялық жобаларды қаржыландырумен айналысатын аталмыш банк 13 жыл ішінде ел экономикасына 6,4 млрд. АҚШ долларын құйды. Банк - мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізгі операторларының бірі. Шикізаттық емес экономикаға қаржы салуды басым бағыт санайтын банк туризм, ауыл шаруашылығы саласындағы болашағы бар жобаларды да қолдай алады. Бұл БҚО үшін маңызды.

«Қазақстан даму банкі» АҚ жобалық әкімшілігінің басшысы Тимур Имашевтің айтуынша, берілген несиелердің 60 пайыздайы Атырау, Павлодар облыстарындағы мұнайхимия, мұнай өңдеу және металлургия саласының үлесіне тиеді. Банк негізінен инфрақұрылым нысандарын, өңдеу өнеркәсібі өндірістерін, экспортқа бағытталған өнім щығаратын орындарды қаржыландыруға бағытталған. Жобаларды таңдағанда, оның пайдалылығы, өзін-өзі ақтайтыны, экологиялық талаптардың сақталуы бірінші орында тұрады.

Қазіргі таңда банк несие алушылармен тиімді байланыс тетіктерін қолға алды. Мәселен, несие алу үшін қажетті құжаттар көлемі 30, жобаларды қарау мерзімі 37 пайызға қысқартылды. Әзірге банк Батыс Қазақстанда бір ғана жобаға қолдау көрсетті. Ол - «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ қолға алған электр стансасы құрылысы. Мұндай оңтайлы байланысты басқа кәсіпорындармен де орнатуға болады. Кеңес соңында банк пен БҚО әкімдігі арасында өзара ынтымақтастықты көздеген меморандумға қол қойылды

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз