Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы апта айтарлықтай маңызды  кадрлық ауыс-түйістерге толы болды. Қайрат Келімбетов Ұлттық банк төрағасының орнын босатса, Талдықорған қаласына жаңа әкім келді. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі әдеттегідей кадрлық тағайындауларға талдау ұсынады.

***

Осы аптаның басында, дүйсенбі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ақышев Данияр Талғатұлын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Айта кетейік, ҚР Конституциясына сәйкес,  ҚР Президенті ҚР Ұлттық банкі төрағасының кандидатурасын ұсынып, Сенат бұған келісімін беруі тиіс. Дүйсенбі күні де Сенаттың шұғыл жалпы отырысында Мемлекет басшысы Данияр Ақышевтің кандидатурасын ұсынып, Сенат қолдау білдірген еді. Данияр Ақышев Қазақ басқару академиясын бітіріп шыққан. Ұлттық банкте 18 жыл қызмет етсе, соның 7 жылында төраға орынбасары болып жұмыс істеді. 2015 жылдың тамыз айынан бастап уақытша ҚР Президентінің көмекшісі қызетін атқарған болатын.

***

Ал Данияр Ақышевтің орнына Президент Әкімшілігіне Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев келді. Мемлекет басшысының үкімімен ол ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Е.Жамаубаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің жанындағы халықаралық бизнес мектепті тәмамдаған. Банк саласындағы еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ұлттық банкінің зерттеулер және статистка департаментінде бастаған болатын. Осылайша, бас сарапшыдан бастап департамент директорының орынбасарына дейін жоғарлаған.   2006 жылдан бері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарушы директоры қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Астана қаласы бойынша үйлестіру департаиентінің директоры қызметін атқарған еді.

***

Осы аптада сондай-ақ Ресей Федерациясының Псков қаласындағы ҚР-дың құрметті консулы қызметінеҚазыбек Сүйіндікұлы Баттақов тағайындалды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, құрметті консул Ресей Федерациясының Псковск облысындағы Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларының құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қадағалайды, сондай-ақ  консулдық округтың аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты қарым-қатынастың дамуы мен нығаюына қызмет етеді.  

Қазыбек Сүйіндікұлы Баттақов 1972 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бұрынғы Ленинград инженерлік-құрылыс институтын, Сантк-Петербор мемлекеттік теңіз техникалық университеттерін тәмамдаған.

                                                                                                       *** 

Сондай-ақ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде де ішінара кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Мысалы, Виталий Владимирович Ярошенко министрлікке қарасты Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметіне жайғасты. Ол 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ақмола аграрлық университетін, Қазақстан гуманитарлы заң университетін, Көкшетаудағы экономика және менеджмент институтын аяқтаған. 2003 жылдан бері осы комитетте қызмет етіп келеді. Осы тағайындауға дейін комитеттің байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасын басқарған.

Сонымен қатар, осы министрлікке қарасты тағы бір комитет - азаматтық авиация комитетінің төраға орынбасары болып Талғат Аманжолұлы Қасенов тағайындалды. ол 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Киев халықаралық авиация университетін тәмамдаған.  1996 жылдан бастап Қазақстанның авиация саласында әртүрлі қызмет атқарып келеді. Министрліктің авиация комитетіне 2013 жылы жұмысқа қабылданған болатын.

***

Жұма күні Алматы облысы басшысы Амандық Баталовтың өкімімен  Бағдат Әбілмәнұлы ҚарасаевТалдықорған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. ол 1964 жылы дүниеге келген. Алматыдағы теміржол көлігі  инженерлерін тағайындайтын институтты, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдаған. 2004 жылдан бері Алакөл ауданының әкімі еді. Ал, Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Ермек Алпысов Астанаға жұмыс ауыстырып келмек екен.

***

Өтіп бара жатқан аптада өңірлер де де ауыс-түйістер тіркелді. Мысалы, Ақмола облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына Айна Ермекқызы Мүсрәлимова басшылыққа келді. Бұған дейін А.Мүсрәлимова Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облысытық бөлімшесінде төраға орынбасарын, хатшылықтың жетекшісі қызметтерін атқарған болатын.

***

Ал аймақ басшысының өкімімен Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар мен табиғат ресурстарын реттеу басқармасының басшысы болып Мұрат Құсайынов тағайындалды. ол 1969 жылы Өскемен қаласында туған. Қазақстан политехникалық институты мен Ленинград орман колледжінің дипломдарын алған. Осы тағайындалуына дейін «Асу-бұлақ орман шаруашылығы» ұйымының директоры еді.

***

Осы апта ішінде сондай-ақ Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

А.Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын - дәрігер-педиатр, 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - экономист мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде бастаған. 2001-2004 жылдары - Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2005-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы, Қызылорда медициналық колледжінің директоры, 2013-2014 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді.

                                                                                                ***

Апта басында сондай-ақ Көкшетау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Жаңадан тағайындалған қала әкімінің орынбасары Шамрат Садуақасов осыған дейін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

                                                                                                 ***

Сонымен қатар, Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы болған Санжар Боқаев «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

33 жастағы Санжар Боқаев - Колумбия университетінің түлегі, Ломоносов атындағы ММУ-ды және РФ Президенті жанындағы Ресейлік мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Саясат ғылымдарының докторы.

Түрлі жылдарда президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтында жұмыс істеп, оқытушы болды. Алматыдағы «Нұр Отан» партиясының бөлім басшысы орынбасарының қызметін атқарды.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз