ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Садық Жақсығұлов

Садық Шәкелұлы Жақсығұлов 1924 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында дүниеге келіп, 2009 жылы 85 жасқа аяқ басқан шағында өмірден озды. Соғыс және еңбек ардагері, Кеңес Одағының Батыры (22.02.1944).

1941 жылға дейін май зауытында жұмыс істеген. 18 жасында майданға сұранып, Курск иініндегі сұрапыл шайқасқа қатысады. Днепр өзенін алғашқылар сапында өтіп, жау техникасы мен адам күштерін шығынға ұшыратып, қаруластарының өзеннен өтуін қамтамасыз еткені үшін миномет расчетының сержанты Жақсығұловқа Батыр атағы берілген. Өмірінің соңғы жылдарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. Тасқала ауданының Құрметті азаматы атағын алған.

2010 жылы батыр есімі берілген «Садық Жақсығұлов» атты очерк кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы - журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков.

http://www.kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз