Қазақстанның елордасы - Астана 16 жасқа толды

Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстанның бас қаласы - Астана бүгін, 6 шілде күні 16 жасқа толды. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 

1998 жылы жаңа елорданың атауы,  Астана болып өзгертілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. 

2006 жылы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес және қалалық мәслихаттың шешімімен мерекеге - Астана күні атауы беріліп, оны атап өту - шілденің 6-сына бекітілді. Ал 2008 жылы «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы заңына» енгізілген өзгерістерге сәйкес, шілденің 6-сы - Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енді.

Қазір қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді. Кеше Елбасы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауда Астананың іс жүзінде 10 жыл ішінде салынған ХХІ ғасырдағы бірден-бір елорда екенін атап өткен болатын.

Астанамыздың туған күнін бірнеше күннен бері Қазақстанның дүйім халқы кеңінен атап өтуде. Бас қаланың туған күніне арналған негізгі мерекелік шаралар елорданың өзінде өткізілуде.

http://www.kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз