Қазталовта бір мәдениет үйі ашылып, екіншісінің іргесі қаланды

Қазталов ауданында Бостандық ауылында бой көтеретін мәдениет үйінің іргесі қаланса, Жаңажолда жаңа ғимарат іске қосылды.

Осынау салтанатты рәсімдерге қатысқан облыс әкімінің орынбарасы Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, мұндай шалғай ауылдарда қазіргі заманғы мәдениет ошақтарын пайдалануға берудің маңызы зор. Бостандық ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылысына 96 млн. теңге бөлінген. Бұл  жұмысты Серік Темірханов же­текшілік ететін «Жалпақтал - Су» ЖШС атқаруда. Ауылдан қазіргі күнде 15 адам маусымдық жұмыс­қа тартылса, алдағы уақытта тағы да сонша адам еңбекке қосылмақ. Ал Жаңажолдағы мәдениет үйінің іші-сырты бірдей жайнап тұр. Енді ол ауыл тұрғындарының, соның ішінде жеткіншек жастардың жиі бас қосатын рухани орталығына айналмақ.

Мерекелік шарада еңбек ардагері Нағым Ризуанов Жаңажолдағы қуаныш Астанада үш елдің басшылары Еура­зиялық экономикалық одаққа  бірі­гуге қол қойып жатқан тарихи күнмен тұспа-тұс келгенін айта келіп, облыс, аудан басшыларына ауыл тұрғын­дары атынан ризашылығын білдірді.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз