Әкімдер көлікті болды

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданына қарасты 6 ауылдық округтің әкімдері 1 мамыр мерекесі қарсаңында қызметтік көлік мінді.

Ауыл әкімдері енді “Нива” көлігімен жүретін болды.

Бұған дейін  ауылдық округтердің шенеуніктері ауданға жаяу-жалпы қатынап жүріп, шаруаларын шешетін. Әсіресе, аудан орталығынан шалғай ауыл әкімдеріне қиын тиетін еді. Міне, енді Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл, Қайыңды, Қараөзен, Бостандық ауылдық округ әкімдері бұл қиындықтан құтылды. 

Аудан орталығына іссапармен келген Сенат депутаттары Рашит Ахметов пен Ерболат Мұқаевтар бүгін  салтанатты түрде су жаңа автокөліктердің кілттерін  табыс етті.

Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр салтанатты шараның куәсі болған жұртшылықты 1 мамыр мерекесімен құттықтап, жаңа көлікке ие болған ауыл әкімдерінің жұмысына табыстар тіледі.

Гүлфайрус Уалиахмет 

http://munara.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз