Кісі өлтірген күдікті қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Г. есімді тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Зеленов аудандық №2 сотының баспасөз хатшысы Сәуле Қайсарованың хабарлағанындай, аталмыш тұрғын 1 сәуір күні Дариян ауылында  бұрынғы танысы А. есімді азаматпен кикілжіңге келіп, сосын аяғына 3-4 рет пышақ сұққан. Аталған жарақаттардан жәбірленуші еденге құлап, қансырай бастағанда, Г. оқиға орнынан бой тасалайды.  Ал А. ауруханаға жеткізілген соң көз жұмады.

1 сәуір күні аталған факті бойынша ҚР ҚК 103-бабы 3-бөлімімен  қылмыстық іс қозғалып, күдікті сол күні ұсталды. Приурал полиция бөлімінің тергеушісі 3 сәуірде айыпталушының ауыр қылмыс жасағанын, тергеу органдары мен соттан жалтару мүмкіндігін ескере отырып, сотқа қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын қабылдау туралы өтінім түсірген. Соған сәйкес сот 4 сәуір күні күдіктіні 2 айға қамауға алу туралы қаулы шығарды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз