Кісі өлтіріп, 11 жыл 8 айға сотталды - БҚО

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 15 қазандағы үкімімен М.Жұмағалиев ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімімен айыпты деп танылып, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтеуге 11 жыл 8 айға сотталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот оның қылмысын аса қауіпті деп таныды. Биылғы тамызда М.Жұмағалиев арақ ішіп алғаннан кейін көшеге шыққанда, ауылдасын кездестіреді. Танысы арақ ішуді жалғастыруға ұсыныс жасағанмен, бұл бас тартады. Соның негізінде бір-бірімен сөзге келіп, Жұмағалиев қалтасынан пышағын алып, жәбірленушінің мойнына сұғады. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалайды. Алған жарақаты салдарынан танысы көз жұмады.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз