Қоғамдық қабылдау өтті

Халықтың күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген мәселелер жетерлiк. Мемлекеттiк органдар тұрғындармен етене жұмыс iстеп жатса да кезек күттiрмейтiн кейбiр мәселелерге қоғамдық-саяси ұйымдардың араласуына тура келiп жатады.

Сол бір шешімі табылмай жатырған кейбір мәселелерді шешу мақсатын әр аптаның сәрсенбісі күні «Нұр Отан» партиясының Зеленов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау өткізіп тұрады. Аудан тұрғындарының түрлi тақырыптағы арыз-шағымдарына партия атынан қандай да бiр көмек көрсету, мәселелерiнiң шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету «Нұр Отан» партиясының негізгі міндеттерінің бірі.

   Кеше партияның аудандық филиалының төрағасының орынбасары Анатолий Сигунов  пен ауданның бас прокуроры Закария Саралеев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындарды мазалаған экологиялық мәселе яғни аудан орталығындағы мұнай базасынан шығатын жағымсыз иіс ауаны ластап жатырғандығы туралы көтерген мәселелерін тыңдады. Бұл мәселе бойынша аудан прокуроры мүмкіндігінше тұрғындардың шаруасын реттейтінін жеткізді. Сондай-ақ қабылдауда  жолдасына жеке куәлік жасап беруін өтінген аудан тұрғыны Наталья Данилованың өтініші бойынша да қажетті шаралар қолға алынып, жұмыстарының оңтайлы шешiлуiн қадағалайтын боламыз деді Закария Саралеев.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз