Қоршаған ортаға 912 млн. теңге залал келтірген кәсіпкердің ісі сотқа берілді

Улы қалдықтарды төгіп, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін «Мұнайавтотранс» ЖШС директоры Аслан Мұқанов қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Зеленов ауданының прокуроры Закария Саралеевтің айтуынша, өндіріс қалдықтары Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан мамандандырылған полигондарға апарылуы тиіс. Алайда аталмыш кәсіпорын мұнай қалдықтарын 2010-2011 жылдары Рубежка және Дариян ауылдарының маңына төккен. Мамандардың пікірінше, енді бұл улы заттардан тазартқанның өзінде ол жерлерде ештеңе өспейді. Қоршаған ортаға 912 млн. теңге залал келтірген А.Мұқанов осы заңсыз коммерциялық қызметінен 135 млн. теңге пайда тапқан. Іс бойынша «Урал Ойл Энд Газ» ЖШС да жауапкершілікке тартылып отыр. Бұл кәсіпорын «Мұнайавтотранстың» өнеркәсіп қалдықтарын полигонға жеткізуін қадағалауы тиіс еді. Оның орнына көзжұмбайлыққа барып, актіге қол қойған.

Қазіргі кезде тергеу аяқталып, іс сотқа берілді. А.Мұқановтан қоршаған ортаға келтірілген залалды өндірумен бірге аталған кәсіпкер мен «Урал Ойл Энд Газ» ЖШС басшыларын ластанған аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуге мәжбүрлеу туралы талап қойылып отыр.

Зеленов ауданында экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорындарға қатысты тағы төрт қылмыстық іс тергелуде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз