Көшеде құлап көз жұмды - БҚО

Кеше түс ауа Орал қаласындағы Еуразия даңғылы бойында жүріп келе жатқан ер адам тротуарға құлап қалған.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, шамасы, оның жүрек талмасы ұстап қалған болуы керек. Жанынан табылғандар жасанды демалдырмақшы болғанымен, өкінішке қарай, ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Кейін анықталғандай, ол 1965 жылғы Александр есімді қала тұрғыны болып шықты.

 

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз