ҚР Бас прокуратурасы: девальвация туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

ҚР Бас прокуратурасы негізделмеген теңге бағамын түзету туралы ақпараттың одан әрі таратылуына жол бермеу туралы ресми түрде ескертеді.  

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Соңғы күндері әр түрлі байланыс құралдары (БАҚ, әлеуметтік желілерді, СМС-ті қоса алғандағы интернет-хабарлар) арқылы жақында ұлттық валютаның құнсыздану мүмкіндігі туралы ресми расталмаған ақпарат таратыла бастады.

Аталған хабарлар халық арасында айтарлықтай шу шығарып, ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздану қаупін туғызды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2014 жылғы 23 сәуірде еліміздің Қылмыстық кодексіне көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік белгілейтін норма (242-1-бап) енгізілгенін еске салады.

Осыған байланысты уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми деректеріне негізделмеген теңге бағамын түзету туралы ақпараттың одан әрі таратылуына жол бермеу туралы ресми түрде ескертеміз.

Сондай-ақ БАҚ өкілдерінен қарастырылып отырған мәселені хабарлау кезінде тексерілген фактілер мен мәліметтерге ғана сүйенулерін және шындыққа жанаспайтын ақпараттың жариялануына жол бермеулерін сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз