ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Әскери кернеу» байқауында оралдықтар мен ақтөбеліктер жеңімпаз атанды

Атырау қаласында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер оркестрлері арасында «Әскери кернеу» байқауы мәреге жетті.

Қолбасшылықтың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал, Ақтау, Ақтөбе, Атырау қалаларының әскери  оркестрлері бірнеше күн бойы барынша күрделі шығармалардан тұратын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Халықтық туындылар және патриоттық әндер орындау, сапта жүріп өнер көрсету, плац-концерт, дефиле оңайға түскен жоқ.

Сайыс қорытындысында Орал мен Ақтөбеден келген оркестрлер жеңімпаз атанды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы Тұрсынғали Дүйсемәлиевтің айтуынша, енді аталмыш оркестрлер маусым айының соңында Астана қаласында өтетін байқаудың қорытынды кезеңіне қатысады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз