КСРО төлқұжатымен Қазақстанға келген ресейлік азамат елден шығарылды

Бөрлі аудандық соты Батыс Қазақстан облысы аумағында заңсыз болған Ресей азаматын жеті тәуліктің ішінде елден шығару туралы шешім қабылдады.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш тұрғын Бөрлі ауданына 2001 жылы келген. Сол кезде қолында КСРО төлқұжаты болған, өзінің айтуынша, оны 2011 жылы жоғалтып алып, қайта құжат алуға уақыт таппаған. Сөйтіп Қазақстан аумағында заңсыз тұрған. Онымен қоймай, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, кісі тонағаны үшін қылмыстық іс те қозғалған, тараптардың татуласуы арқасында ғана одан «аман қалған».

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз