Қыркүйекте «Рэкетир» фильмінің түсірілімі басталады

Режиссер Ақан Сатаев «Рэкетир» фильмінің жалғасын түсірмекші.

«Рэкетир-2: Возмездие» криминалдық драмасының түсірілімі қыркүйектен бастап Алматы, Қарағанды, Астана, Шымкент қалаларында түсіріле бастайды. Режиссер Ақан Сатаевтың айтуынша, сценарий әлі құпияда ұсталып отыр. Сценарийі белгісіз болса да, драманың басты кейіпкері Саянды бұл фильмнің жалғасынан қайта көре аламыз.

Алғашқы фильмнің соңында бас кейіпкер өз үйінің ауласында өмірімен қоштасқан болатын. Бірақ өмір оған кегін алу үшін тағы бір мүмкіндік сыйлайды. Фильмдегі басты рөлдерді – Саят Ісембаев, Жан Байжанбаев, Әсел Сағатова, Бауыржан Әбішев сомдайды. Қазір фильмнің жалғасына басты және қосымша рөлдерге кастинг жүргізіліп жатыр.

«Рэкетир-2: Возмездие» фильмінің жалғасы 2015 жылдың наурызында шығады.

24.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз