Қыз босанғаны үшін әйелін үш жыл бойы қамауда ұстаған

Үндістанның солтүстігіндегі Бихар штатында полиция үш жыл бойы қамауда жатқан әйелді бостандыққа шығарды деп хабарлайды BBC News. 

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, жәбірленушіні өзінің күйеуі мен ата-енесі қамап тастаған. Негізгі себеп - әйелдің ұл емес қызды дүниеге әкелуі болған көрінеді. Оның үстіне, үйленген кезде жасауы да толық келмеген.
Күдіктілер әйелді қамап қана қоймай оны жаңа туған нәрестесінен де айырыпты. Қазір кішкентай қыздың жасы үште.
Айта кету керек, Үндістанда қыздың артынан жасау апару 50 жылдан бері заң жүзінде мақұлданбайды. Дегенмен, халық арасында бұл дәстүрді ұстанушылардың қарасы әлі де көп. 

http://baq.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз