«Қызым бой жетті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жыл сайынғы әйелдердің дәстүрлі басқосуы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, "Нарын жастары" қоғамдық бірлестіктері мен "Нарын әжелері" ансамблінің қолдауымен "Қызым бойжетті" тақырыбындағы дөңгелек үстел түрінде өтті.

Ақ жаулықты әжелер, орта жастағы ана-енелер мен жас келін және жауқазын қыздардың басын қосқан мерекелік жиынды аудандық мәдениет үйінің директоры Жоламан Сисенғалиев ашып, барша әйелдерді көгілдір көктеммен бірге келетін айтулы мерекемен құттықтады.

Негізі бұл басқосудың өзегі бұғанасы бекімей жатып, ана атанып жатқан бүлдіршін қыздардың сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырлары төңірегінде өрбіді. Өз кезегінде келіндер мен қыздар да толғандырған ойларын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз