ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ. Қайғылы сенбі. «Когалымавианың» қайғылы рейсі мен Бухарестегі алапат өрт

Өткен сенбіден бері әлем Мысырдағы әуе апаты мен Бухарест  қаласындағы алпауыт өрт туралы жазуды тоқтатқан жоқ. 

Өткен сенбі күні Египетте «Когалымавиа» компаниясының «Airbus» А321» ұшағы апатқа ұшырады. 217 жолаушы, соның ішінде 25 бүлдіршін мен жеті экипаж мүшесі  ажал құшты. Ал, бұл ірі әуе апатынан бірнеше сағат бұрын Бухарест қаласының орталығындағы «Colectiv» түнгі клубында өрт шығып, тілсіз жау тағы 31 адамның өмірін жалмаған еді.

«Когалымавианың»  қайғылы рейсі

Өткен сенбі, 31 қазан күні «Когалымавиа» әуе компаниясының «Airbus» А321» әуе лайнері Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласынан Ресейдің Санкт-Петербор қаласына бет алады. Бірақ, Эль-Ариша қаласынан 100 шақырым жерде апатқа ұшырайды.

Әуе апаты туралы алғашқы хабар түсе сала Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің екі ұшағы апат орнына аттанды. Осы ұшақтармен РФ Көлік министрі, Төтенше жағдайлар министрі мен Ресей авиацияның басшылары, құтқарушылар мен тергеушілер Египетке ұшып келген.  Мысыр тарапынан қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін Египеттің азаматтық авиация министрі мен туризм министрлері келген болатын. Осы сәтте қаза болған адамдардың туған-туыстары Санкт-Петербор қаласына келе бастаған еді.

Қазақстан Респубикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинға көңіл айту жеделхатын жолдады. Н.Назарбаев халқының және өз атынан ресейліктердің қайғысына ортақтасып, қаза болған адамдардың туған-туыстарына сабыр айтты.

Ресейдің «Когалымавиа» әуе компаниясы ұшақ соңғы рет былтыр ғана техникалық тексеруден өткенін айтады. Ұшу алдындағы техника қауіпсіздігі де ережеге сай жүргізілген. Дегенмен, компания ұшақ апатына  техникалық ақау себеп болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Ал АҚШ ұшақ ішінде бомба жарылуы әбден мүмкін дейді. Египет тарапы лаңкестік әрекетті жоққа шығарып отырғанмен, Ресейдің Ұлттық антитеррорлық комитететінің шешемімін «Когалымавиа» Египат әуежайларына ұшу бағдарламаларын тоқтатты. Сарапшылар аптаның сейсенбі күні ұшақтың «қара жәшіктерін» тексеруді бастады. Ресей екі күн қара жамылды...

  

 «Colectiv» түнгі клубындағы өрт

2009 жылдың 5 желтоқсанында Ресейдің Перм қаласында «Хромая лошадь» түнгі клубында  156 адамның өмірін жалмаған посткеңестің елдердегі ең ірі өрт тіркелген еді. Өткен сенбі күні Бухарестегі «Colectiv»  түнгі клубы өртке оранды. ««Goodbye to Gravity» тобының тегін рок-концертіне 400-ге жуық адам жиналған түнгі клубта кенет түтін шыға бастайды да, жарылыс болады. Халық жанталаса сыртқа асыққанмен, түнгі клубтың екі есігі өте тар әрі би алаңынан алыста орналасқан болып шығады. Айта кетейік, 300 адам жиналған «Хромая лошадь» түнгі клубында да дәл осындай жағдай орын алған еді. 

Жарылыс салдарынан басталған өртті ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер мен 60 жедел жәрдем бригадасы келеді. Зардап шеккен халық Бухарестің 10 ауруханасына жеткізілді. Трагедия 31 адамның өмірін жалмаса, 90 адамды қатты күйік шалған. Тағы 25 адам ауруханалардың жан сақтау бөлімінде жатыр. Клубқа концерт көруге келгендердің барлығы дерлік жеткіншектер мен жас қыз-жігіттер болған екен. Румыния халқы үш күн қара жамылды...

«Бүгін түнде қала орталығында орын алған бұл қайғылы оқиға қабырғамды қайыстырып отыр. Бұл - мен үшін, халқым үшін, ел азаматтары үшін өте ауыр қайғы. Осы оқиғада қыршын кеткен жастардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын»,-деген Румыния Президенті Клаус Йоханнис өзінің Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына.

Өрттен кейін үш күн өткен соң Бухарест орталығына 20 мыңға жуық адам жиналып, ел Премьер-министрі мен Сыртқы істер министрінің, сондай-ақ, осы түнгі клуб орналасқан қалалық округ басшысының отставкаға кетуін талап еткен. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ел Премьер-министрі Виктор Понт осы оқиғадан кейін отставкаға кететінін мәлімдеген екен.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз