Әлемдегі ең қымбат кітап

Әлемдегі ең қымбат кітап - «Лестерлік кодекс». Авторы Леонардо да Винчидікі. Жартылай бүктеліп, айна тәріздес парақтың екі жағынан атақты шебердің қолымен жазылған 18 парақтан тұрады. Оның парақтары әлдеқашан бір-бірінен ажырап, бөлек-бөлек сақталуда. 1994 жылы Билл Гейтс оны 30,8 миллион долларға сатып алды.

 Microsoft жасаушысының басқаруы бойынша кодекс скринсейвер ретінде көшіріліп, Windows 95 Plus баспасына енгізілді. Джеймс Джойстың алғашқы «Улисса» басылымы 1922 жылы 1000 таралыммен сатылымға шықты. Бұл жиырмасыншы жүзжылдықтың ең қымбат кітабы болып саналады. Ең жақсы сақталған таралым үшін кітап жинаушылар 175 мың доллар беріп отыр. Бірінші кітапқа қарағанда «Гарри Поттер және философиялық тас» 26 мың доллардан сәл ғана қымбат. Әлемдегі ең үлкен және көп таралған, сатылымға жіберілген - Майкл Хоулидің «Бутан» фотоальбомы. Ені 1,5 ұзындығы 2 метр болатын бұл кітап 72 беттен тұрады. 1717 жылы Лестер бұл кітапты сатып алған екен. Содан бері кітап Лестердің атымен аталады. Әлемдегі ең қымбат кітаптардың қатарында Уильям Шекспирдің шығармалары, Гутенборгтагы Библия, Эдгар Поның Тамерлан жинағы және Морис Сендактың «Құбыжықтар мекені» шығармасы бар.

Сондай-ақ әлемдегі ең үлкен әзіл кітабы 2004 жылы Ресейде жарық көрді. «Балаларға арналған ілемдегі ең үлкен кітап» деп аталады. Бұл кітап бар болғаны 4 бет, 12 өлеңнен тұрады. Дегенмен басылымның салмағы 492 келі, парақтары қатты қағаздан жасалған. Әлемдегі ең кішкентай кітап - Малькольма Дуглас Чаплиннің балаларға арналған «Teeny Ted from Turnip Town» ертегісі. Саймон Фрейз университетінің мамандары жасаған. Олар ион сәулесімен кремнильденген парақтарға жазған. Бір томы 0,07-0,1 миллиметр көлемдегі 30 парақтан тұрады. Оларға ISBN номерлері де енгізілген. Ғалымдар өз қалаулары бойынша аз ғана таралыммен шығара алады. Бір нұсқасы 20 мың доллар шамасында тұрады. Кітапты оқу үшін арнайы электронды ұлғайтқыш қажет. Қағаз кітаптар ерте ме, кеш пе электронды нұсқаға көшеді. Пайдасы айқын: көшіру ыңғайлы, әріп көлемін өзгертуге болады, тұтастай кітапхана бір флешка ішінде, қараңғыда оқу мүмкіндігі бар.

http://baq.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз