Мас күйінде адам өлтіріп, тоғыз жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мас күйінде адам өлтірген 39 жасар тұрғынға қатысты үкім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, арақ ішіп, үйлеріне қайтып келе жатқан ағайынды екеу қаңтарылып тұрған жеңіл автокөліктерді көреді. Ағайындының бірі автокөлік есігінің кілтін пышақпен ашып, ұрлау мақсатымен ішіне кіргенде, екіншісі қарап тұрады. Осы кезде таяу маңдағы үйден бейтаныс ер адам шығып, бұларды қуа жөнеледі. Олардың арасында төбелес орын алып, соның барысында сотталушы бейтаныстың денесіне бірнеше жерінен пышақ салады. Ол оқиға орнында көз жұмады.

Сот сотталушыны ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуге 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуді белгіледі.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз