Медиация игілігі

Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында медиация заңының орындалуы туралы дөңгелек үстел өтті. Оған аудан әкімі Санжар Әлиев пен аудандық сот судиясы Н.Самарханова, аудан прокурорының көмекшісі Е.Құрманғалиев, ауылдық округ әкімдері мен кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Медиацияның бірден-бір мақсаты дау-жанжалды сотқа дейін шешу болып табылады. Осындай мақсатпен айналысатын Тасқала ауданында бір ғана кәсіби емес медиатор ресми тіркелген екен.

Семинарда медиаторларды тіркеу шарттары мен медиацияны жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге психикалық, наркологиялық анықтамаларды Орал қаласына бармай-ақ аудан орталығынан алу мен кәсіби емес медиаторларға құжаттарды толтыру реті туралы дәріс оқу мәселелері көтерілді.

- Медиация сот жүйесінің тиімділігін арттырады және соттың жұмысын жеңілдетеді. Тағы бір ұтымды жағы медиаторлармен қаралған іс сотқа қарағанда уақыт пен қаражатты үнемдейді. Бұл  қарапайым халық үшін тиімді, - деді аудан әкімі Санжар Жұматайұлы.

Аудан басшысы округ жетекшілеріне барлық ауылдық округтерде медиатор тағайындауды тапсырды.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз