Мега-жоба аясында Қазталов ауылдық округ делегациясы Жалпақтал ауылына келді

 2 сәуір күні Мәдениет пен салт-дәстүрлерді насихаттау мега-жобасы шеңберіндегі эстафетаны қабылдау үшін Қазталов ауылдық округ делегациясы Жалпақтал ауылына келді.

Ең алдыменен Жалпақтал колледжінің техникалық базасымен танысудан бастап, орталық моншаны сенімгерлікпен жекеге алған Альбина Сәрсенғалиеваның жұмыс орнымен танысты.

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасы Жалпақтал мәдениет үйінде дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Дөңгелек үстелге қоғамдық ұйым өкілдері, әйелдер кеңесі, мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

Шара түстен кейін Жалпақтал мәдениет үйінде өз жалғасын тапты. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Қазталов отты жылдарда» атты деректі фильм көрсетіліп, қазталовтық өнерпаздардың концерттік бағдарламасы көрермендер назарына ұсынылды.

www.zhaikpress.kz
Тұрарбек АҚМУРЗИН

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз