Мегажоба талдыбұлақтан бұланға жетті

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» республикалық мегажобасын жалғастырушы Талдыбұлақ ауылдық округі эстафетаны Бұлан ауылына тапсырды. «Аруана» әжелер ансамблі қонақтарды қазақтың бауырсағы мен ағын алып шығып, әнмен қарсылап алды. 

Мегажобаға қатысушылар алдымен жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің ішін аралап, оқушылардың ғылыми жұмыстарымен, қолөнерімен танысты. Одан кейін ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралады.

Осы күнгі бағдарламаға сәйкес, жаңадан ашылған «Қайсар» спорт клубының ауылдық спорт залында Талдыбұлақ және Бұлан, Жамбыл  ауылдарымен ерлер арасында волейболдан жолдастық кездесуі өткізілді.

Бұдан бөлек қос округтің жайы сөз болған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Түстен кейін қонақтардың сазды бағдарламасы оздырылып, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі Қ.К. Исатаева округаралық эстафетаны  Бұлан  ауылының әкімі  Т.Ж. Ихсановқа табыстады.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз