Мемлекетке 1 млн. астам теңге залал келтірген бас есепші сотталды

Зеленов аудандық сотының үкімімен бюджет қаржысын жымқырған «Зеленов колледжі» МКҚК бас есепшісі айыпты деп танылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған есепші 2012 жылдың қарашасы мен 2013 жылдың қарашасы аралығында өзінің және қызметкерлердің есепшотына асырып көрсетілген, растайтын құжаты жоқ еңбекақы қаржысын аударып отырған. Кейін ақшаның қате аударылып кеткенін айтып, қызметкерлерден оны кейін қайтаруды талап еткен. Алайда қайтарылған қаржыны кассаға енгізбей, өз пайдасына жаратқан. Бас есепшінің қылмыстық іс-әрекетінің салдарынан мемлекетке 1097671 теңге залал келтірілген. Шығын толық өндірілген.

Сотталушы өз айыбын түгел мойындады.

Сот оны ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімі «б, г» тармақтары бойынша айыпты деп танып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ ол 3 жыл бойы мемлекеттік мекеме-кәсіпорындарда, заңды тұлғаларда материалдық жауапкершілікті талап ететін және лауазымды қызметтерді атқара алмайды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз