Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада мәреге жетті - БҚО

Орал қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында БҚО спартакиадасы мәреге жетті.

Аталмыш шара 23 маусым - мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылды. Спартакиадаға барлығы 18 команда қатысып, спорттың жеті түрі бойынша күш сынасты.

Үш күнге созылған жарысқа қатысушыларды құттықтаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов атап өткендей, Елбасымыздың халықтың 30 пайызға дейінгі бөлігін спортқа тарту туралы тапсырмасына орай бұл істе ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер үлгі көрсетуі тиіс.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, жалпыкомандалық есепте Зеленов ауданы әкімдігі жеңімпаз атанса, БҚО мен Жәнібек ауданы әкімдігі екінші және үшінші орындарды бөлісті. Жеңімпаз жүлдегерлер ескерткіш сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды.

Айта кетейік, сайыста жекелеген спорт түрлері бойынша волейболдан ерлер арасында БҚО әкімдігі, әйелдерден жәнібектіктер, шағын футболдан БҚО әкімдігі, тоғызқұмалақтан Ақжайық ауданы, үстел теннисінен Жәнібек, шахматтан Зеленов, жеңіл атлетикадан Тасқала, бильярдтан Бөрлі аудандарының әкімдіктері үздік шықты.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз