Мейірімділік марафоны

Бұлан ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылындағы Жамбыл негізгі мектебінде «Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы «Балаға мейірім сыйла!» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды.

Шараның басында құттықтау сөз сөйлеген ауылдық округ әкімі Тарас Ихсанов мектеп жасындағы 3 бала тәрбиелеп отырған жамбылдық Мұхамбетжановтар отбасына өз атынан оқу құралдар жиынтығын сыйлады.

Жамбылдағы мейірімділік марафонына «Меңдібай» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Әділгереев, «Қайсар» спорт клубының әдіскері Марат Молдашев, жергілікті мектеп пен клуб, медициналық пункт демеушілік етті.

Мектеп директоры айтуынша, мектеп алды даярлық сыныбын қоса алғанда Жамбыл негізгі мектебінде білім алатын 50 оқушы түгелдей «Мектепке жол» акциясының аясында қажетті киім мен оқу жабдықтарына ие болған.

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз