МКҚМ «Батыс Қазақстан медициналық колледжі»

Основная информация
Мекенжайы: 
Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 67 үй
Телефон: 
8 (7112) 50-11-83, 51-66-47
E-mail: 
Медицина—бұл ғылым және өнер.
Ол адамның қайырымды жүрегін, ашық ойды,
үлкен мәдениетті және жүйкенің мықты
болуын талап етеді.                                                                                                           
                                                                         Андре Моруа

Біздің тарихымыз - ел тарихы

Колледж тарихы сонау 1916 жылдың қараша айынан бастау алады. Осы уақыт ішінде Батыс Қазақстан медицина колледжі 20  мыңнан астам мамандар даярлап шығарды. Олар біздің облыстағана емес, бүкіл республикада, алыс-шақын шетелдерде еңбек етіп жүр. Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау ісін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру бағытында біздің колледждің да алға қойған мақсаттары бар. Басты мақсат қоғам мен өңір экономикасының білікті орта буын мамандарға, денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету еңбегіне деген қажеттігін қанағаттандыру.

Батыс Қазақстан медициналық колледжі қазір ИСО – 9001:2008 стандарты ұстанымдарына сай сапа менеджментін ұдайы жетілдіре отырып, қоғам мен тұтынушылардың талаптарына сай сапалы білім қызметін ұсынады.

Батыс Қазақстан медицина колледжі мынандай мамандықтар бойынша мамандарды дайындауға лицензиясы бар:

1. 0301000 “Емдеу ісі” бөлімі -мамандығы фельдшер.

2. 0301000 “Акушер ісі” бөлімі -мамандығы акушер.

3. 0302000 “Мейіркеш ісі” бөлімі -мамандығы медбике.

4. 0305000 “Лабораториялық диагностика” бөлімі -мамандығы лаборант.

5. 0303000 “Гигиена және эпидемиология” бөлімі -мамандығы сан –фельдшер.

Оқушыларды қабылдау биылғы ҰБТ (Біріңғай Ұлттық тестілеу) қортындысы мен берілген сертификат бойынша жүргізіледі егер ҰБТ сертификаты болмаған жағдайда кешенді тестілеу түрінде өткізілетін қабылдау емтихандарын тапсыру арқылы конкурстық негізде оқуға қабылданады.

Қабылдау емтихандары
мынандай пәндер бойынша өткізіледі:

1. Қазақстан тарихы                

2. Биология

3. Қазақ немесе орыс тілі

 

Қажетті құжаттар:

1. Өтініш

2. Орта білім туралы құжат (түпнұсқа)

3. № 63 нысанындағы медициналық анықтама, форма 086

4. 3х4 мөлшеріндегі 6 фото сүрет

5. Еңбек кітапшасының көшірмесі (егер жұмыс істеген болса)

6. Жеке куәлік

Өтініштер 20 маусымнан 20 тамызға дейін

Қабылдау комиссиясы мына мекен—жайда орналасқан:

Орал қаласы,  Жәнгір хан көшесі, 67 ғимарат.  

Тел. 50-11-83

Жүретін автобустар:       

2,5,22,36 (соңғы аялдама)

 

Колледж тарихы

Колледждің жалпы сипаттамасы

 Ашылған жылы  1 қараша 1916 жыл. Осы уақыт ішінде даярланды 20392 орта буын медицина қызметкерлері. Батыс Қазақстан орта буын медицина қызметкерлерін даярлайтын оқу орнының тарихы 1916 жылдан басталады. 1916 жылдың соңында “Уральский листок” басылымына Земстволық фельдшерлік-акушерлік мектептің ашылғандығы  хабарланады.

Батыс Қазақстан медицина колледжінің ашылғаннан бергі атаулары

1916 ж. – Земстволық фельдшерлік-акушерлік мектеп

1996 ж. – Батыс Қазақстан медицина колледжі

Қазақ өлкелік медициналық техникумы Қазақстанда ғана емес,  РСФСР бойынша ерекше орын алған. Біздің түлектеріміздің арасында бүкіл әлемге танымал ғалымдар көп.

Жуматов Хамза Жуматұлы – Кеңес  вирусологы. 

Каракулов Ишанбай Каракулұлы –танымал кеңес эпидемиологі, денсаулық сақтау ұйымдастырушысы.

Тюрин Николай Алексеевич – Медицина ғылымдарының  докторы, академик.

Имашева Розалия Галиевна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик – біздің оқу орнының түлегі. Тұңғыш қазақ әйелі, балалар психиаторы.

1984 жылдан медицина колледжін (сол кездегі медициналық училищені) Берген Максот Кабышұлы  басқарады.

2006-2007 оқу жылында Батыс Қазақстан медицина колледжі республикадағы 45 медицина колледждері арасында  бірінші болып сапа менеджменті жүйесін енгізіп, ИСО 9001:2008 сапа менеджментіне сәйкес сертификат алды.

Барлық оқытушылар жоғары білімді, олардың  84 пайызы жоғары және бірінші санатты квалификацияланған мамандар. Біреуі Білім беру ісінің құрметті қызметкері атағына ие болса, 6-ы КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, тағы бір 6-ы – «ҚР денсаулық сақтау үздігі» марапат иелері.

Батыс Қазақстан медициналық колледжінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

  • оқушыларды ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес дайындау;
  • оқу-әдістемелік құжаттама жасау және мазмұнын жаңарту, оқу-әдістемелік кешенді түзету;
  • оқыту әдістемесін жетілдіру, сабақтардың барлық түрлерін өткізу тиімділігін арттыру;
  • инновациялық технологияны, оқытудың қазіргі заманғы формалары мен әдістерін меңгеру және енгізу;
  • оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруды жақсартуда оқу-әдістемелік бөлімінің оқытушыларына, кураторларына, меңгерушілеріне бар көмекті көрсету;
  • оқу-әдістемелік құжаттама банкін қалыптастыру;
  • педагогикалық ұжымның іскерлік және педагогикалық біліктілік деңгейін көтеру;
  • колледж оқытушыларының педагогикалық жұмыс тәжірибесін меңгеру, жалпылау және енгізу;
  • педагогикалық кадрларды аттестаттау болып табылады.

Колледжде оқытушылардың әдістемелік қызметінің компьютерлік ақпараттық банкі құрылды, онда оқытушылар қызметінің тиімділігі айқындалады.

Көзделген міндеттер бекітілген жұмыс жоспары негізінде Колледж кеңесінің, педагогикалық кеңестің, циклдік әдістемелік комиссиялардың және әдістемелік кабинеттің жұмысы арқылы іске асырылады.

Батыс Қазақстан медициналық колледжі төмендегідей мамандықтар бойынша мамандарды дайындауға лицензиясы бар:

1. 0401002“Емдеу ісі”

бөлімі -мамандығы жалпы тәжірибелік фельдшер.

«Емдеу ісі» мамандығының түлектері кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • науқасты қабылдап, диагнозын қою, оны емдеу;
  • дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету және манипуляциялық іс-машықтарын орындау;
  • тұрғындар арасында аурудың алдын алу шараларын жүргізіп, салауатты өмір салтын насихаттау.

2. 0402002 “Акушер ісі” бөлімі -мамандығы жалпы тәжірибелік акушер.
«Акушер ісі» мамандығы бойынша түлектер келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

  • емдеу;
  • босануға көмектесу;
  • профилактикалық;
  • санитарно-профилактикалық;
  • жанұяны жоспарлау бойынша консультациялар;
  • салауатты өмір салтын үгіттеуді жүргізу;
  • дәрігерге дейінгі жәрдем көрсете білу.
     

3. 0407002“Мейіркеш ісі” бөлімі -мамандығы жалпы тәжірибелік медбике.

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша түлектер келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

  • мейірбике процесінің барлық кезеңдерін ұйымдастыру;
  • науқастарға білікті күтім жасау;

- мейірбикелік манипуляцияларды орындау;

  • дәрігерге дейінгі жәрдем көрсете білу;
  • профилактикалық жұмыстарды және салауатты өмір салтын үгіттеуді жүргізу.

4. 0408002“Лабораториялық диагностика” бөлімі -  мамандығы фельдшер - лаборант.

Білім алушыларды кәсіптік қызметінің объектісі. Білім алушыларды кәсіптік қызметінің объектісі ретінде ересек және балалар, жануарлар, құстар, микроорганизмдер, биологиялық сұйықтар, тағам өнімдері, ауа, су, топырақ және т.б.

Білім алушыларды кәсіптік қызметінің іске асыру мекемесі ретінде:

  • диагностика орталығы, ветеринарды мекемедегі, емдеу және емдеу-профилактикадағы диагностикалық лаборатория;
  • жоғарғы оқу орыны;
  • медико-биологиялық және ветеринарлы-биологиялық ғылыми зерттеу институты;
  • биотехнологиялық және фармакологиялық кәсіп бөлімдегі лаборатория;
  • денсаулық сақтаудың басқару құрылымы ұйымның құжаттық түріне тәуелді емес.
     

5 .0403012 “Гигиена және эпидемиология” бөлімі -  мамандығы гигиенист-эпидемиолог

«Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша мамандар келесі кәсіптік қызмет түрлерімен айналыса алады:

  • басшылцықтың және дәрігердің бақылауы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылаумен, індетке қарсы, профилактикалық және дезинфекциялық шаралар мен лабораториялық зерттеулермен.

Гигиенист-эпидемиолог дәрігердің көмекшісі келесі қызметтер бойынша жұмыс істейді:

  • гигиена бөлімдері бойынша гигиенист – дәрігер көмекшісі;
  • эпидемиолог – дәрігер, дезинструктор көмекшісі;
  • санитарлық – гигиеналық, бактериологиялық, паразитологиялық лабораториялардың лаборанты;

Гигиенист-эпидемиолог дәрігердің көмекшісі қызметіне «Қазақстан Республикасындағы халықтың денсаулығын қорғау туралы», «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» Заңына сәйкес тұрғындардың денсаулығын нығайту және аурулардың профилактикасы жатады.

Орта буын медицина қызметкерлерін қайта даярлау бөлімі

Батыс Қазақстан медицина колледжі тек мамандар даярлап қана қоймайды, дипломнан кейінгі даярлық және облыстағы орта буын медицина қызметкерлерін қайта даярлау жұмысын да атқарады.

Батыс Қазақстан медицина колледжі жанындағы біліктілік арттыру курстары ҚР денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылғы 21 мамырдағы № 266 бұйрығына сәйкес біліктілік арттыру бөлімі болып өзгертілді. Осы кезеңге дейін Батыс Қазақстан облысының 9575 орта буын медицина қызметкерлері қайта даярлықтан өтті.

    

Оқу-материалдық база

Оқу ғимараты 4 қабатты үлгі жобада салынған ғимаратта орналасқан.

Оқу ғимаратында арнайы тәртіп бойынша 3 клиникаға дейін тілдік тәжірибе кабинет, 6 лаборатория,   3 мультимедиалық кабинет (барлығыі интерактивті тақтамен жасақталған), 20 оқу аудиториясы, үлкен-кіші акт залы, спорт залы, 85 орындық оқу залы бар кітапхана жұмысы ұйымдастырылған.

Оқушыларды тамақтандыру асхана базасы негізінде ұйымдастырылған.

Бар кабинеттер мен зертханалардың жабдықтандырылуы колледж бойынша тұтас алғанда жарақтандыру табеліне сәйкес 92 пайызды құрайды.

Колледждің кітапхана қоры 40000 данады құрайды, оның ішінде көркем әдебиет,  оқу әдебиеті, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер.

Батыс Қазақстан медициналық колледжінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы

Батыс Қазақстан медициналық колледжі халықаралық қызметінің тұжырымдамалық негізі Жарлығында көрсетілген және білім беру, ғылыми-практикалық және жарнамалық-ақпараттық бағыт бойынша іске асырылады.

Соңғы 5 жыл ішінде Н.Ляпина атындағы Самара базалық медицина колледжімен тығыз байланыста. Колледждің педагогикалық ұжымымен ынтымақтастық 2 негізгі бағытта жүреді:

Жаңа білім технологиялары бойынша орта буын медицина қызметкерлерін даярлауда оқыту тәсілдері мен әдістерін жетілдіру.

Оқу процесінің оқу бағдарламалық және ұйымдастыру-әдістемелік құжаттамасын әзірлеу.

Үздіксіз мейіркештік білім жүйесін құру бойынша Самара медицина колледжінің жұмыс тәжірибесін меңгеру.

Ынтымақтастық қорытындысы 2008-2009 оқу жылының сәуір айында өткен «Алло! Жедел жәрдем тыңдап тұр!» атты аймақаралық конкурс болды. Конкурс тақырыбы: «Фельдшер және қазіргі заман мегаполисінде адам өмірін құтқару». Конкурсқа Самара, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал қалаларынан фельдшерлер қатысты. Колледж оқушылары 1-орынды иеленді.

Батыс Қазақстан медициналық колледжінің оқушылары 2009 жылғы 22 сәуірде Самара облысы Білім және ғылым министрлігінің директорлар кеңесі, Самара облысы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, самара аймақтық медбикелер ассоциациясы, Н.Ляпина атындағы Самара базалық медицина колледжі ұйымдастырған «Дені сау даму – берекелі болашақ кепілі» атты аймақаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны ұйымдастырушы комитет колледж директорына студенттердің ғылыми-ізденіс қызметін дамытуға жағдай жасағаны және конференцияға белсене қатысқаны үшін алғыс хат жолдады.

Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының мониторингі білім беруді
басқару
құралы ретінде.

Білім сапасының мониторингі жоспарланған нәтижеге жету бойынша басқару әрекеттерін болжау, оларға диагностика, талдау жасау мақсатында оқу-тәрбие процесінің, оның жекелеген буындарының қалпын тұрақты бір ізге салу қажеттілігімен қамтамасыз етілген.

Оқушылардың білім імен дағдысына диагностика жасау оқытудың деңгейін жүйелі түрде бір ізге салуды қажет етеді, бұндағы мақсат – оқу процесі барысында және оқыту технологиясында кейін түзету енгізумен оқу материалдарында олқылықтарды анықтау және жою. Білім сапасы    86%-ды құрайды.

Колледждің педагогикалық жүйесі қызметі сапасының интегралдық (шексіз) көрсеткіші, айналып келгенде, түлектердің білім сапасы - 96%- болып келеді.

Түлектердің жұмысқа орналасуы.

Батыс Қазақстан медициналық колледжінде «Бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастыру дәстүрге айналды. Колледж түлектері үшін мемлекеттік практика алдынан сәуір айында қалалық және облыстық Емдеу алдын алу мекемелерінің барлық бас дәрігерлерін шақырумен «Бос орындар жәрмеңкесі» өтеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен алдын ала бос жұмыс орындары қажеттілігі келісіліп, сол орындарға бөлінеді. Бұнда жас мамандарға тұрғын жайдың болуы, аудандардың қашықтығы есепке алынады. Түлектерді жұмысқа орналастыру соңғы 3 жыл ішінде орта есеппен 85 %құрайды.

Дополнительные фотографии: 

Пікірлер

9 сынып битиргендерди кабылдайма?

Жоқ қабылдамаиды тек Мақсат мед колледжінде биылдан бастап 9сыныптан бастап қабылдау басталды оқу мерзімі3жыл10аи

сиздерде орыс тилди алып тастаганда 60 баллмен грантка тусе ала ма жауап жазыныздар отиниш

9 бытырып барса кабылдайма оку орнына?

9сынып битиргендерді кабылдайма?

Сіздерге грантқа тапсырса проходной бал қанша.

87 балмен грантка тусуге мумкындык барма

 

Мен Жанабекова Гулмаран.Шымкент коп салалы мед коледжде 1курс студентимин 2курста немесе 2семестрде ауысуга болама кешендік тес тапсырп гранта тусе аламба,әлде платни окимынба.Платни окысам канша болады жылына өтінем жауап күтем

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз