Мүгедектерге жапондық тігін машиналары тарту етілді

Оралда «Арба» қоғамдық бірлестігіне 10 жапондық «Джуки» тігін машинасы сыйға тартылды.

Арбаға таңылған жандарға арналған тігін машиналарының техқұжаттарын «Диана-Плюс» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Бақтыгүл Бексүгірова табыс етті. «Диана-Плюс» ЖШС «Арба» қоғамдық бірлестігімен тұрақты байланыс орнатып, қолдан келгенінше көмек көрсетіп келеді. «Арба» бірлестігінің мүшесі Сандуғаш Баймұқанованың атап өткеніндей, жаңа тігін машиналарының арқасында енді цех ашу мүмкіндігі туып отыр.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соңғы кезде мүгедектерді жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Айталық, кеше кеңейтілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда отыздан астам кәсіпорын 400 орын ұсынды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Төкешеваның сөзіне қарағанда, мұнда бірінші кезекте мүгедек жұмыссыздарға басымдық берілді. Жәрмеңкеде жұмыс берушілер 518 түйіндеме қабылдап, жүз шақты адамның еңбекке орналасуға жолдама алғаны белгілі болды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз