Алматыда өрт сөндіргіш көлік 10 жасар қызды қағып кетті

Алматыда Шаңырақ-6 шағын ауданында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан он жасар қызды өрт сөндіруші көлігі қағып өлтірді. 

Өрт сөндіру көліктері Қошқарбаев көшесімен келе жатқанда жолдан екі қыз жүгіріп өте шықты деп хабарлады  Sputnik Қазақстан. Ал үшіншісі сәл кейінірек өте бастаған, жүргізуші көлік жылдамдығын бәсеңдетіп, сигнал береді — ал қыз жол ортасында тұрып қалады. Бірақ содан соң кенет оқушы алға қарай жылжи бастайды. Жүргізуші қағып кетпес үшін рөлді шұғыл солға бұрып, тоқтаған. Алайда көлік артқы дөңгелегімен қызды басып кетті.

Он жасар қыз жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз