Астанада із-түссіз жоғалған студентті 200-ден астам ерікті іздеуге кірісті

Астанада жоғалып кеткен  Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі Бахтияр Жаманғараевты іздеуге 200-ден астам ерікті қатысысуда деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Астанада із-түссіз жоғалған студентті 200-ден астам ерікті іздеуге кірісті

Бахтияр Жаманғараев

11 тамыз күні 14:00 сағат шамасында Бахтияр Жаманғараев Бәйтерек монументі маңында «Дипломат» тұрғын-үй кешеніндегі өз пәтерінен шығып, содан бері қайтып оралмаған. Бахтияр Астана әуежайынан анасын күтіп алуы керек болған, алайда сол беті әуежайға жеткен де жоқ. Көп ұзамай, Жаманғараевтың көлігі де табылды. Анықталғанындай, көлік ломбардқа тапсырылған. Жоғалып кетердің алдында Бахтияр букмекерлік кеңселердің бірінде бәс тіккен.

Оның жоғалып кеткендігі туралы хабарлар Инстаграм мен Фейсбук әлеуметтік желілерінде таратылуда.

«Көмектеріңіз қажет! Жас жігіт жоғалып кетті! Аты - Бахтияр Жаманғараев! ҚазГЗУ-дің түлегі. Туған-туыстары онымен хабарласа алмай отырғандарына бірнеше күннің жүзі болды. Қандай да бір ақпарат болса, мына нөмірлерге хабарласуларыңызға болады: 8771 775 04 09», - делінген туыстары мен достары таратқан хабарламада.

Жаманғараевтың туыстары берген мәліметтер бойынша, Бахтиярдың бойы - 170-175 см, орташа денелі.

Астананың ІІД Бахтияр Жаманғараевтың жоғалып кеткені туралы ақпаратты растап отыр. Полицейлердің хабарлауынша, іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

«11 тамызда Б.Жаманғараевтың жоғалып кеткені жөнінде туыстары арыз берді. Қазіргі уақытта жоғалып кеткен азаматты табу бойынша жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Іздеу ісі қозғалды», - деп хабарлады ІІД «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында.

Қазір Б.Жаманғараевты іздеуге 200-ден астам ерікті қатысуда.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз