Атырауда құлдыққа түскен әйел өзі туралы айтып берді

Атырау облыстық ауруханасының №1 неврология бөлімінің пациенті Паруаз Мнажатдинова өзінің құлдыққа қалай түскендігі туралы айтып берді, деп хабарлайды «Ақ жайық» газеті.

Бұл бөлімшеге Қарақалпақстанның тумасы, 26 жастағы Мнажатдинова 28 маусымда түскен. Аяусыз соққыға жығылған оны полицейлер Авангард ықшамауданынан тауып алған. Жедел жәрдемді де солар шақырған.

Жас әйел ауруханаға ауыр күйде жеткізілді. Бала кезден қояншық ауруымен ауырады екен, ал аяусыз соққыдан кейін оның жағдайы нашарлап кетті. Қояншық ұстамасы бірінен кейін бірі қайталана берді. Пациент өз-өзіне келген кезде палаталастарына басынан кешкен жағдайды әңгімелеп берді.

Паруаздың дәрменсіздігін көрген олар журналистерден көмек сұраған. Паруаздың айтуынша, ол Нөкістен Ақтауға күйеуіне бара жатады. Пойызда үш қызбен танысқан. Олардың бәрі ниқаб киіп алған, сондықтан бет-жүздерін көрмеген. Олардың бірінің өзін Жұмагүлмін деп таныстырғаны есінде.

«Олар маған Атырауға үйлеріне бара жатқанын айтып, пойыздан түсіп, өздерімен бірге кетуге көндіре бастады, - деп әңгімеледі Паруаз.

«Бала күтуші жұмысын ұсынып, күн сайын 2800 теңгеден төлеп тұруға уәде берді. Бұл өте жақсы ақша. Мен туыстарыма көмектескім келді, сондықтан келістім. 21 маусымда Атырауға келдік. Вокзалда бізді ақ джиппен ер адам күтіп алды. Мені екі қабатты коттеджге апарып, төлқұжатым, туыстарымның нөмірлері бар телефоным салынған сөмкемді алып қойып, жертөлеге қамап тастады. Бала күтуші жұмысының орнына мені әлдебір кафеде жұмыс жасауға мәжбүрледі. Сосын шағын мешітке апарады, ол жерде де тамақ дайындауға тиіс болдым. Түндерімді егеуқұйрықтар жайлаған жертөледе өткіздім, олар аяғымды тістеп алатын. Ол жерде бірнеше күн өткізген соң, мені алдап соққандарын түсіндім. Сәтін тауып, қашып кетуді ұйғардым. Алайда ол адамдар ұстап алып, ұрып-соға бастады. Басымнан ұрып, шашымнан сүйреді. Сосын да ұстамам ұстаған шығар. Мен сегізінші сыныптан бері қояншық ауруымен ауырамын. Олар қорқып кетіп, мені көшеге лақтырып тастады. Өз-өзіме келген кезде, басым ауған жаққа қарай жүгіре бердім...», - дейді ол.

Аталған басылымның жазуына қарағанда, құлдыққа түскен қыздың жағдайына бей-жай қарамаған қала тұрғындары табылған. Олар Паруазға киім-кешек пен дәм, байланысты болу үшін ұялы телефон әкеліп берген.

«Өздеріне таныс Өзбекстан азаматтарына Досназаров совхозында тұратын және Атырау қаласында ауыр жағдайда қалған 26 жастағы Қарақалпақстан тумасы туралы сілтемелер таратты. Паруаздың хикаясы лезде көпшілікке тарап кетті. Туыстарының байланыс деректері екінші күн дегенде табылды. Паруаздың әкесімен хабарласып, қызының басынан өткен жағдайды баяндады. Өкінішке орай, бұл қарт қызының артынан баруға күші де, материалдық мүмкіндігі де жоқ екенін айтты», - делінген мақалада.

http://azh.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз