Автокөлік өндірісіне енгізілетін 5 жаңалық (фото)

Автокөлік шығаратын атақты компаниялар салаға түрлі инновация енгізіп, алдағы бірнеше жылда атокөліктердің мүлде басқаша болатынын айтады.

  1. Автотұрақ

Volvo концерні өздігінен тұрақталатын жүйені жасап жатыр. Компьютерлік интеллект қай жерге барып қаңтарылу керектігін өз анықтайды. Ал бұл жүйені қосу үшін тек көліктен шығып, өзіңіздің смартфоныңыздан жүйеге тұрақ іздеу үшін арнайы белгі бересіз. Тағы бір тетік арқылы көлікті иесіне кері шақырып алуға болады. Бұл жүйе алғаш Volvo XC90 көлігіне енгізіледі деген болжам бар.

2. Мультимедия

Әдеттегі радиоқабылдағыштардың орнына автокөлік иелері түрлі қосымша бағдарламаларға ие мультимедиялық жүйені пайдаланбақ. BMW компаниясы ConnectedDrive жүйесін пайдалануда қазірден бастап. Бұған сәл кейінірек ағымдық аудио, күнтізбе, смартфон ішіндегі мәліметтер қосылмақ.

3. Бірнеше автокөлік жүйелерінің өзара «тіл қатысуы»

Бұл кептеліс кезінде жанындағы көлікпен арадағы қашықтықтың қаншалықты екенін білуге таптырмас құрал. Бұл инновация жол-көлік оқиғаларының алдын алмақ. Бұл технологияның аты V2V. Жүйе көлік иесіне жақындап кеткен көлік туралы ескертіп, соқтығысып қалудың алдын алады. Сарапшылардың айтуынша, 2027 жылы көліктердің басым көпшіліг осыны пайдаланбақ.

4. Көліктердің өздеріне арналған қауіпсіздік жастығы

Әдетте көліктердің ішінде апатқа түскен жағдайда кісіні жарақаттаудың алдын алу үшін қауіпсіздік жастықтарының орнатылатыны белгілі. Ал Mercedes көліктің өзінің «жарақат» алып қалмауы үшін көліктің сыртына осындай қауіпсіздік жастығын орнатпақшы. Алдағы үш жылда Мерседес көліктерінің барлығы осы технологиямен шығады деп күтілуде.

5. Өзі жүретін көліктер

Бұл салада ең алғаш батылдық көрсеткендердің бірі Google компаниясы. алғашқы сынақтық «гуглмобиль» жүргізушісіз өздігінен 7 мың шақырым жол жүріп көрді.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз