"Аяқ киімін жоғалтып алған" ақтөбелік тұрғын полицияны аяғынан тік тұрғызды

Ақтөбеде мас кезінде жоғалтқан заттарын «ұрланды» деп полицияны дүрліктірген тұрғынның өзі істі болды деп хабарлайды aktobenews.kz.

 

39 жастағы ақтөбелік тұрғын 2 тамыз күні полиция бөлімшесіне арыз жазған. Ол шағымында бейтаныс адамның соққыға жығып, ұялы телефоны мен аяқ киімін шешіп алып кеткені туралы айтқан. Түскен шағымға байланысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары кезінде анықталғандай, шағымданушы полицияға жалған ақпарат берген.

Шағымданушы «ұрланды» деп арыз түсірген күні ішімдік ішкен. Мас күйінде досының үйіне кроссовкасын шешіп кеткен. Ал телефонын жоғалтып алған. Есін жиған тұрғын жоғалған заттарын «ұрланды» деп полицияға шағым түсіріп, жалған ақпарат берген.

«Қазіргі күні шағымданушының өзінің үстінен екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды» деп хабарлайды ІІД баспасөз бөлімінен. Жалған ақпарат пен жалған айғақтар келтірген тұрғынды полиция қызметкерлері қамау изоляторында ұстап отыр. Шағымданушы бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз