БАҚ: Шымкентте із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр

Оңтүстік Қазақстанда іс-түссіз жоғалып кеткен Нұрипа Құрбанованың күйеуінің бұл іске қатысы бар деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасап TVK телеарнасы.

 

БАҚ: Шымкентте із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр

Нұрипа Құрбанова. Фото: tvk-uko.kz/

Дереккөздің берген ақпараты бойынша із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр.

Осы дереккөз ұсынған ақпаратқа сүйенсек, әйелін өлтірген соң күйеуі оның өлі денесін Жібек жолы ауылы маңындағы Келес өзеніне тастаған.

Бұл шулы оқиғаның мән-жайы жақын арада жарияланатын болады.

Еске салсақ, Сарыағаш ауданының 27 жастағы тұрғынын жақындары таба алмай жүргеніне алты күн болды. Оны 9 тамыздан кейін ешкім көрмеген. Ал Нұрипа Құрбанованың туыстары журналистерге оны күйеуі өлтіруі мүмкін деп болжап отырғанын айтқан. Олардың айтуынша, ерлі-зайыптылар жиі жанжалдасатын, ал күйеуі болса оны өлтіремін деп бірнеше мәрте қорқытқан екен.

Нұрипа Құрбанова — кәмелетке толмаған үш баланың анасы, онымен қоса, төртінші баласына аяғы ауыр екенін туыстары айтқан. Бірнеше жыл қатарынан ол Сарыағаш ауданы Абай ауылының маңындағы базарда күйеуі екеуі сауда жасаған. 27 жастағы келіншек Шымкент қаласына тауар сатып алу үшін кеткенен қайта оралмаған.

Жоғалған келіншектің туыстары күйеуі екеуі үнемі ұрыс-керісте өмір сүріп келгенін жеткізген. Соңғы жанжалдан кейін-ақ әйел жоғалып кеткен.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз