Банк шотындағы қаржыны қарапайым селфи қорғайды

Шоттағы қаржыны қарапайым селфи қорғайды!

Елімізде банк қызметін пайдалану үшін өз-өзіңді суретке түсіру міндеттелмек. Тек базадағы сурет пен селфи сәйкес келсе ғана қаржы операцияларын жүргізуге рұқсат етіледі. Банкирлер жаңа жүйе қулығына құрық бойламайтын хакерлерге қарсы тұра алады деп сендіріп отыр. Сәйкестендірудің жаңа түрін ресейлік қаржы ұйымдары сынақ ретінде енгізіп үлгерген. Олардың Қазақстандағы еншілес банктері де селфи сәйкестендіруді енгізуге қызу дайындалып жатыр.

https://www.ktk.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз