Батыс Қазақстанда киіктерді әуеден санау басталды

Батыс Қазақстан облысында киіктерді есепке алу, сақтау және браконьерлерден қорғау жұмысы жүріп жатыр. 15 тамызда басталған жұмысқа ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары тартылған. 1 қазаннан бастап аталған шара Қостанай облысында жалғасын табады, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұдан бөлек, Қызыл кітапқа енген жануарларға да ерекше көңіл бөлінбек. Биыл күзде Алматы, Маңғыстау және Жамбыл өңірлерінде тікұшақтардың көмегімен қарақұйрықтар мен құландар есепке алынады, деп мәлімдеді «Қазавиақұтқару» баспасөз қызметінен.

Үкімет жыл басынан бері киіктердің жаппай қырылуына жол бермеу мақсатында бірқатар алдын алу шараларын қабылдап жатыр. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ және Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығымен бірлесіп осы жылдың көктемінде Бетпақдала, Үстірт жазығындағы киіктерді әуеден санап шықты. Жануарларды есепке алу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның қолданыстағы заманауи ЕС-145 (Eurocopter) тікұшақтары пайдаланылған.


http://bnews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз