Батыс Қазақстанда қора-қопсы мен пішен өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында қора-қопсы мен пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 17.01-де Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округі Қоржын ауылында орын алды. Д.Нұрпейісова көшесі №2 мекенжайында 210 шаршы метр шаруашылық құрылысы отқа оранып, 10 тонна пішен жанып кеткен. Өртті сөндіруге 4 адам, 1 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 23.05-те ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сауда үйінің маңында көлік жанып кеткенін жазған болатынбыз.

https://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз