«Батыс-Продукт» ЖШС кондитер өнімдерін шет елге де шығармақшы

  «Батыс-Продукт» ЖШС кондитер өнімдерін ішкі нарық қана емес, сонымен бірге Ресейге де шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы кәсіпорынның коммерциялық директоры Евгений Попков мәлім етті.

Оның айтуынша, басты мақсат – қазақстандық тұтынушыларды сапалы өніммен қамтып, импорттық көлемді төмендету. Бұл ретте мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау-көмек өндірісті жаңғыртуға септігін тигізді. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 500 млн. теңгеге бағаланған жоба жүзеге асырылды. Кондитерлік цех ауысымына 6 тонна өнім өндіреді. Мұнда 44 адам еңбек етеді, орташа жалақы – 50 мың теңге. Цех Германия мен Ресейдің заманауи жабдықтарымен жасақталған. Бұл сан алуан өнімдерді молырақ өндіруге мүмкіндік береді.

Елжан Ералы

 
www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз