Бекболат Тілеухан Данияр Елеусіновті жекпе-жек алдында жігерлендірген

Әлеуметтік желіде мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен боксшы Данияр Елеусіновтің Whats App-тағы әңгімесі делінген скриншот тарауда, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бекболат Тілеухан Данияр Елеусіновті жекпе-жек алдында жігерлендірген (фото)

СКРИНШОТ: QAMSHY.KZ

Онда депутаттың спортшыға аудиохабарлама жолдағаны, оған Даниярдың «Аминь! Рахмет, Бекболат аға! ИншаАллах алтын аламын!» деп жауап қайтарғаны бейнеленген.

Осылайша депутат маңызды жекпе-жек алдында спортшыны жігерлендіріп, жеңіске деген сенімін күшейткенін жазуда желі қолданушылары.

Естеріңізге салсақ, бүгін түнде 69 келіге дейінгі салмақ категориясында Данияр Елеусінов өзбекстандық Шахрам Гиясовты финалда жеңіп, Рио Олимпиадасының алтын медалін ұтып алған болатын.

 

 

/www.nur.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз