Биыл үкіметтік емес ұйымдарға 57 грант бөлінді

Қазақстанда «балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге тиым салатын» заң нормасы жоқ.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, қылмыс болғаннан кейін айыптыны жазалау заңда қарастырылған. Алайда кәмелеттік жасқа толмағандарға зорлық көрсетпеу жайында ештеңе айтылмаған. Болашақта осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында заңға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу жоспарда бар.

Сондай-ақ елімізде алғаш рет балалар құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөліне бастады. Оның құрамына сарапшылар, депутаттар, ұйым өкілдері кіретін арнайы комиссия тағайындайды. «Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» таратқан мәлімет бойынша, жыл басынан бері 57 грант беріліпті.

Зағипа Балиева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Олардың тәжірибесі өте көп. Олар бір мәселемен қанша жыл жұмыс істеп жатыр. Бірақ оның қорытындысын шығарып, ешкімге бере алмайды. Қазір тікелей мемлекет оларға ақша бөлген кезде, тапсырма берген кезде, 20-21 қарашада халықаралық конференция өткізген кезде олар қорытындысымен шығады. Барлығымыз талқылаймыз.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз