БҚО-да 90 млн теңгеге екі көпір салынды

Батыс Қазақстан облысында қос бірдей көпір пайдалануға берілді.

Енді Садовое мен Зеленое ауылдарының халқы Шаған өзенінің екі жағалауына еркін қатынайды. Қос нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 90 млн теңге қаржы жұмсалған.

Макаров ауылының мың жарымдай тұрғыны өзен үстімен осылай жаяу-жалпылап жандарын шүберекке түйіп өтетін. Жазғы уақытта олар мынадай жасанды салдық көмегіне жүгініп жүрді. Енді бүгіннен бастап мұның бәрі олар үшін өткен шақ!

Сондықтан болар, әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылуын ауыл тұрғындары зор қуанышпен қарсы алды. Ені екі, ал ұзындығы 110 метр болатын көпірді мердігер кәсіпорын жоспарлаған уақытында салып шықты.

Төлеген Жасыбаев, Садовая ауылының тұрғыны:

- Осы жерде махаббатпен кездесетін көпір болсын. Осы көпірде достық болсын. Айтар тілегім, арғы-бергі беттің халқы осы көпірді сақтауы керек, осы жеде терек өсіру ерек.

Рамазан Исмағұлов, Зеленов аудандық мәслихатының депутаты:

- Сайлауалды бағдарламада қазіргі депутаттар келіп халықпен кездескен болатын. Сол халықтың мұң-мұқтажы, өтініші осы көпір болды. Енді қазір қуанышымызда шек жоқ. Қиындықты тез ұмытып, жақсыға жылдам үйрену заңдылық. Дегенмен, «жаңа нысанды күтіп ұстау тұрғынардың міндеті», - дейді аудан басшылары. Кезінде бұл өзенде адам шығыны да болғаны рас. Әсіресе балаларға аса қауіпті еді.

Авторы: Талғат Срікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов
www.24.kz

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз