Бүгін Путин төртінші рет Ресей президенті атанады

Бүгін Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты ұлықтау рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биыл өткен президент сайлауында Владимир Путинге 56,4 млн сайлаушы қолдап дауыс беріп, ол мемлекетті 6 жылға басқаруға мүмкіндік алды.

Мәскеуде өтетін инаугурация рәсімі – Владимир Путиннің мансабындағы төртіншісі. Аталған рәсім Ресей президентінің резиденциясы – Үлкен Кремль сарайында өтеді.

Шара түсте басталып, 50 минутқа созылады деп жоспарланып отыр.

Президенттің ұлықтау рәсімін «Первый канал», «Россия 1», «Россия 24», НТВ, ОТР, МИР телеарналары және Vesti.ru сайты тікелей эфирден көрсетеді.

Инаугурация аяқталған соң, заңды түрде қызметіне кіріскен президент Мемлекеттік Думаға премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуға құқығы бар.

Айта кетейік, осыған дейін Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты ұлықтау рәсімінде ол әдеттегідей Мәскеу ішінде кортежбен жүрмейтінін жазғанбыз.

Бұрынғы ұлықтау рәсімдерінде, Путин автокөлікпен Кремльге дейін Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі мотоциклшілердің құрметті эскортының сүйемелдеуімен жүретін.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз